Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Атыраулықтарға тегін жер беріліп жатқаны рас па?
Жаңалықтар

Атыраулықтарға тегін жер беріліп жатқаны рас па?

11.04.2023
1 мин
0
828

Атырау облысында тұрғындарға бау-бақша өсіруге тегін жер беріліп жатыр. Олар тегін жер телімін уақытша, яғни 6 ай пайдалана алады. Бұл туралы massaget.kz жазды, деп хабарлайды Dauletten.kz.

Жер жыртуға әкімдік тарапынан арнайы техникалар шығарылады. Алайда жер жыртатын техниканың және бақша суаруға арналған мотопомпалардың жанар-жағармай шығындарын тұрғындар өтейді және тұқымды да тұрғындар өздері сатып алады.

«Миялы ауылдық округі бойынша 13 гектар жерге егін егу жоспарланып отыр. Оның ішінде 5 гектар жерге картоп, 5 гектар жерге қарбыз-қауын, 3 гектар жерге ​көкөніс егу жоспарланып отыр. Бау-бақша өнімдерін егу жұмыстары мамырдың ортасына қарай ұйымдастырылады. Өйткені Ойыл өзенінің биыл күрт тасуы егін егетін жерлерге баруға мүмкіндік бермей отыр. Жобамен биылғы жылы 93 тонна көкөніс өнімдерін алу жоспарымыз бар. Қызылқоға ауданы бойынша арнайы егіс шаруашылығымен айналысатын шаруа қожалықтары немесе жеке кәсіпкерлер жоқ. Мұндай бастама алдағы уақытта егін егушілер санын арттырады деген ойдамыз», – дейді Қызылқоға ауданының әкімі Қанат Әзмұханов.

фото: liter.kz

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл