Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Талғардағы қанды оқиғадан кейін ұйымдасқан қылмыстық топтың басшысы деп танылған Хасан Қасымбаев ұсталды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
16 жастағы Шерзаттың өлімінен кейін Хасан Қасымбаев туралы БАҚ-та "Хуторлықтар" деп аталатын ұйымдасқан қылмыстық топтың басшысы деген мәлімет тараған еді. Алайда cол кезде ІІМ бұл ақпаратты растамады. Кейінірек Хасанның өзі де ресми түрде видео арқылы бұл мәліметті жоққа шығарған болатын.
Алайда бүгін Хасанның ұсталғаны жайлы ақпарат әлеуметтік желіде желдей есті. Полицияның ресми ақпаратына сүйенсек, Хасан 2 қарашада ұсталған. Ол 2021 жылдың маусым айында азамат А-ға қасақана ауыр дене жарақатын салу және оны ұрлау бойынша күдікке ілінді. Іс материалдары бұлтартпау шарасын санкциялау үшін сотқа жолданды. Тергеу облыстық полиция департаменті басшылығының бақылауында.