Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК баспасөз қызметі мәлім етті.
Қар мен жаңбыр, қатты жел салдарынан республикалық трассалардың 25 учаскесінде жол қозғалысына уақытша шектеу қойылды.
Бұдан бөлек Ақмола, Абай, Қарағанды, Қостанай және Павлодар облыстарында автожолдар жабылды.
«Республикалық трасасалардың жабылуы туралы ақпаратқа құлақ асып, жабылған жолдарға шықпауларыңызды сұраймыз! Ауа райының жақсарғанын күту қажет. Штаттан тыс жағдайлар болған кезде 1403 нөміріне хабарласыңыздар. Колл-центр тәулік бойы жұмыс істейді. Жолдарды қардан, көктайғақтан тазарту жұмыстары жүргізіліп жатыр», – делінген компания хабарламасында.
Ведомство хабарлауынша, жабық учаскелердің жалпы ұзындығы 2253 шақырымды құрайды. Бұл республикалық жолдар желісінің шамамен 9%-ы. Желіде 430 бірлік арнайы техника мен 500 маман жұмыс жасауда.
Фото: "ҚазАвтоЖол" ҰК баспасөз қызметі