Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Ауғанстанда билікті басып алған «Талибан» қозғалысы қыздардың жоғары оқу орындарында оқуына ресми тыйым салды.
«Үкіметтің (Талибан) шешіміне сәйкес, қыздарға жоғары білім алуға келесі ескертуге дейін тыйым салынады», - делінген Ауғанстанның Жоғары білім министрлігінің жарлығында.
Бұйрықта оны мүмкіндігінше тезірек қолдану және қабылданған шаралар туралы министрлікке хабарлау қажет екендігі атап өтілген.
Талибан билігі бұған дейін қыздардың орта білім алуына тыйым салғаны үшін сынның астында қалған болатын.
Біріккен Ұлттар Ұйымының Ауғанстанға Көмек көрсету Миссиясы бірнеше рет билікті қыздардың оқуын жалғастыруына рұқсат беруге шақырып, егер қыздардың орта мектептерге баруына тыйым салу жалғаса берсе, бұл елдегі дағдарысты, қауіпсіздік пен кедейлікті күшейтеді деп ескертіп келген.