Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Бүгін Алматы уақытымен таңғы сағат 06:21 кезінде Ауғанстанда жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Dauletten.kz.
Бұл мәліметті Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясы мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі тіркеген.
Тербеліс ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 894 шақырым жерде, Ауғанстан аумағында болған.
Зілзаланың энергетикалық санаты – 10.4. MPV магнитудасы – 5,0. Тереңдігі – 15 км. MSK-64 бағаны бойынша сезілу туралы ақпарат түскен жоқ.
Фото: ғаламтордан