Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Ауғанстаннан келген қандастарға қаржылай көмек беріліп, үй жалдауға қаржы бөлінбек
Жаңалықтар

Ауғанстаннан келген қандастарға қаржылай көмек беріліп, үй жалдауға қаржы бөлінбек

14.09.2021
1 мин
1
926

Ауғанстаннан келген 35 қандас еліміздің бес өңіріне орналастырылмақ.  Сондай-ақ, оларға бір реттік көмек ретінде 200 мың теңге мен тұрғын үй жалдауға қаржы бөлінбек, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Aibat жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап. 

Қазір Ауғанстаннан келген 35 қандас екі апталық карантинге орналастырылған. Алматы әлеуметтік әл-ауқат басқармасы басшысының орынбасары Данияр Әлкебайұлының мәліметінше, олар Павлодар, Қостанай, Ақмола, Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарына орналастырылуы мүмкін. 

“Бір отбасыға 70 АЕК (2021 жылы 204 190 теңге) бөлінеді, содан кейін бір жыл бойы 30 АЕК (87510 теңге) төленіп тұрады. Қандастар Ақмола, Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарына орналастырылмақ. Заң тұрғысынан барлығын түсіндірдік. Әрине, бірінші кезекте олардың өз қалаулары есепке алынады”, – дейді басқарма өкілі. 

Егер қандастар аталған өңірлерден басқа аймақты таңдаса, онда оларға квота тағайындалмады. Алдағы уақытта оларды жұмысқа орналастыру мен оқыту мәселелері талқылануда. 

Еске салсақ, бұған дейін Ауғанстандағы этникалық қазақтар Қазақстанға жеткізілгені айтылған еді. 

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
1 Пікір
А
Айару 15.09.2021
Сол қанғып келгендерге акшамен уй бергенше өзіміздін казакстандыктарга берсін канғып жүрік өзіміз
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл