Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Министрлер кабинеті Алматы облысына қарасты Сарыжаз ауылдық мектебіне белгілі саясаткер, марқұм Алтынбек Сәрсенбайұлының атын беру туралы қаулыға қол қойды. Ауыл халқы білім ошағына қайраткердің есімін беру туралы бастаманы біраз жылдан бері құптап келген. Енді міне, 20 депутат бұл туралы құжатқа қол қоюды қолдап, бірауыздан дауыс берді. Алтынбек Сәрсенбайұлы Қазақстанның көрнекті саясат және мемлекет қайраткері. Ол 2006 жылдың 13 ақпанында кісі қолынан қаза тапты. Ол Қазақстанның Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (2002-2003), Ақпарат және қоғамдық келісім министрі (2004) қызметін атқарған. “Ақ жол" саяси партиясының негізін қалаушылардың бірі.