Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Астанада Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген кәсіпкерлерге арналған "Sisterhood Power" бизнес-тәлімгерліктің арнайы бағдарламасын іске қосу бойынша баспасөз конференциясы өтті, деп хабарлайды Dauletten.kz тілшісі.
Жобаның басты мақсаты – бизнесті дамыту және кеңейту арналған білім және құралдарды беру, әйелдерге көшбасшылық дағдыларды дамытуға көмектесу және аймақтық әйелдер бизнес қауымдастықтарын қолдау. Оқу бағдарламасы онлайн режимде өтеді және іріктеуден өткен қатысушылар үшін тегін болады. Бағдарлама бойынша бизнестегі әйелдерді оқыту және оларға тәлімгер болу жоспарланып отыр, олар өз кезегінде өз өңірлерінде бизнесті жаңа бастаған кәсіпкерлермен тәжірибелерімен бөлісіп, оларға тәлімгер бола алады. Бағдарлама АҚШ-тың Қазақстандағы Елшілігінің қолдауымен жүзеге асырылады.
АҚШ-тың Қазақстандағы Елшілігінің қоғамдық дипломатия бөлімінің басшысы Дебра Ло көп жылдар бойы АҚШ-тың Дипломатиялық миссиясы Қазақстанның әйелдер құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту жөніндегі бірқатар бастамаларына қолдау көрсетіп келе жатқанын айтты.
"Біз осы бағдарлама қатысушыларға тәжірибелерін шыңдап, өз кәсіпорындарын дамытуға көмектеседі деп сенеміз, себебі олар, яғни әйелдер, елдің болашақ экономикалық өсуінің қозғаушы күші болып табылады", - деді ол.
"Sisterhood Power" бизнес-тәлімгерлік бағдарламасының бас ұйымдастырушысы, әлеуметтік кәсіпкер, Әлеуметтік инноваторлар қауымдастығының басқарма мүшесі Ләззат Алшынова аталған бағдарламаның Қазақстанның барлық өңірлерінің кәсіпкерлерінің үлкен қызығушылығын тудырғанын айтты.
"Жалпы алғанда, біз 200-ге жуық өтінім тіркедік. Олардың ішінде өндірістен бастап қызмет көрсету саласына дейін бизнестің түрлі салаларын қамтитын 49 қатысушының өтінімі іріктелді. Біздің бағдарламада оқыту процесі барынша тиімді және қолжетімді. Мәселен, кәсіпкерлер басқару, маркетинг және табысты бизнес-модельдерді құру стратегияларымен танысатын зболады. Sisterhood Power – бұл жай ғана бағдарлама емес, бұл идеялар шындыққа айналатын мүмкіндіктер кеңістігі. Біз ұйымдастырушылар мен тәлімгерлер ретінде әйелдерді біріктіруге және олардың бизнес мақсаттарына жетуге көмектесуге тырысамыз", - деді Ләззат Алшынова.