Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Айыпталушылардың бірі Шерзатқа кім пышақ сұққаны туралы сұраққа жауап берді
Жаңалықтар

Айыпталушылардың бірі Шерзатқа кім пышақ сұққаны туралы сұраққа жауап берді

21.05.2025
1 мин
0
599
Сурет: Жоғарғы соттың Youtube арнасынан

Бүгін Шерзат Болаттың өліміне байланысты қозғалған қылмыстық іс бойынша, адам өлтірді деп айыпталған Шынасыл Абзал сотта жауап беруде. Мемлекеттік айыптаушы оның Шерзат Болатқа пышақ салып, ауыр жарақат келтірген адамды көрсетуін сұрады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Сот отырысында Абзал Шынасылға: “Неліктен Белғожаевпен “Шерзатқа пышақты мен салдым, ал сен Нұрқанатқа пышақ сұқтың” деп келіскен едіңіздер?” деген сауал қойылды.

Айыпталушы бұл сұраққа: “Өйткені Белғожаевтың қолында бәкі болды”, – деп жауап берді.

Алайда прокурор бұған дейінгі жауаптарында Шынасыл оқиға кезінде ешкімнің қолынан пышақ көрмегенін айтқанын еске салды.

“Кейін білдім”, – деп түсіндірді ол.
Осылайша Абзал Шынасыл Шерзат Болатқа пышақ салғанын жоққа шығарды.

Прокурор: “Онда пышақты кім салды?” – деп нақты сұрады.

“Білмеймін, нақты айта алмаймын. Бәлкім, арамыздағы біреу шығар”, – деді айыпталушы.

Судья осы жауапқа назар аударып, “арамыздағы біреу” дегенде нақты кімді меңзегенін сұрады.

“Сотталушылардың біреуі”, – деп қысқа жауап қатты Шынасыл.

Сонымен қатар, мемлекеттік айыптаушының “Шерзатқа пышақты Белғожаев салуы мүмкін бе?” деген сұрағына Шынасыл:

"Жоқ, себебі Белғожаевпен сөйлескенімде, ол ‘бәкіні қолданған жоқпын’ деді", – деп жауап берді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл