Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Азаматтар қаржы пирамидаларының құрбанына айналуда – Тоқаев
Жаңалықтар

Азаматтар қаржы пирамидаларының құрбанына айналуда – Тоқаев

16.02.2021
1 мин
23
5984

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қаржы пирамидаларын анықтауға қайта құрылған қаржылық мониторинг агенттігі де атсалысуы керек екенін атап өтті. Бұл туралы ол бас прокуратураның басшылық құрамымен кеңесте мәлімдеді, деп хабарлады Ақорда.

Президент үшінші міндет ретінде құқық қорғау органдарының қызметін үйлестіруді атап өтті. Бұл ретте құқық қорғау жүйесі аясында ғана емес, сонымен қатар, басқа да мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылдың барлық әлеуетін тиімді пайдалану қажет екеніне назар аударды.

"Мысал ретінде, көптеген азаматымыз қаржы пирамидаларының құрбаны болуда. Тек бір ғана қылмыстық іс бойынша 17 мыңнан астам жәбірленуші бар. Мұндай қылмыстық істерді жүзеге асыру үшін алаяқтар бірыңғай транзакцияларды бірнеше рет өткізіп барып, жоқ болады. Күмән тудыратын осындай белсенділікті уақытылы анықтаған жағдайда көптеген адамдарды шалыс басудан сақтап, алаяқтарды жазалауға болар еді. Қайта құрылған Қаржылық мониторинг агенттігі де бұл істен қалыс қалмауы керек", – деді президент.

Оның пікірінше, бұл жерде қаржы мониторингінің ақпараттық ресурстарын пайдалануға болады. Сондықтан осы саладағы қылмыстың алдын алу үшін олармен толыққанды ынтымақтастық орнатқан жөн.

"Жалпы, прокуратура мұндай мәселелерде барынша белсенді, бастамашы болуы тиіс, – деп толықтырды Тоқаев.

Мемлекет басшысы құқық қорғау құрылымдарының іс-қимылдар үйлестіруді жолға қоюды тапсырды.

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
23 Пікір
М
Мар 19.02.2021
Не комек керек осы итак билик бизнес жаса деп отыр ос деп отыр.Кредит алып аласыздар пайдаларына оны неге мемлекет толеу керек.Сурампаздыкды койу керекко.Оким дегенди тегин окытып жатыр жумыс коп издеген адамга.Ауызбен жылай бермей испен жумыс жасаган дурыс.Толендер алган кредитти толемесин мемлекет тилегим сол. Жылампаз халык толеп бермен жылауын кайыр сурауды коймайд.
Жауап беру
Ж
Жанаргул 17.02.2021
Инстограмм толган ала аяктар оларга тоскауыл жок сонын курбанымын елдердин бари ойын ойнатып кетти адалдык адилдик жок калай проблеманы шеше аламыз. Булардын курбаны мен гана емес толып жатыр не истей алады буган ? Полицияга бердим толк
Жауап беру
Ж
Жанаргул 17.02.2021
Инстограмм толган ала аяктар оларга тоскауыл жок сонын курбанымын елдердин бари ойын ойнатып кетти адалдык адилдик жок калай проблеманы шеше аламыз. Булардын курбаны мен гана емес толып жатыр не истей алады буган ? Полицияга бердим толк
Жауап беру
Ж
Жанаргул 17.02.2021
Инстограмм толган ала аяктар оларга тоскауыл жок сонын курбанымын елдердин бари ойын ойнатып кетти адалдык адилдик жок калай проблеманы шеше аламыз. Булардын курбаны мен гана емес толып жатыр не истей алады буган ? Полицияга бердим толк
Жауап беру
Р
Раушан 17.02.2021
Енді не істеу керек халық үкіметтен көмек жок болғасын осындайға барады.Жұмыс жок акша жок. Не баспанамыз жок не істейді халык осындайға барады. Кредит жабу керек оған ақша жоқ. Кішкене болсада үкімет басшылары осында ойлау керек
Жауап беру
Ж
Жанаргуль 17.02.2021
Халыкка көмектессе екен жұмыс жок кридит төлеу киын болды
Жауап беру
С
Сауле 16.02.2021
Егер қарапайым халық бірдеңе істесе органның адамдары бірінен соң бірі келіп тексереді. Қаржы пирамиданы неге тексермейді, білмейді, оларды көрмейді и естімейді.
Жауап беру
Н
Нұрбол 16.02.2021
Қарапайым халықтың ақшасын қайтарсын,қанша халық сан ұрып қалды.
Жауап беру
М
Майра 16.02.2021
Елдердин канша куйып кирген акшасын кайтарып барин жауып тастау керек
Жауап беру
М
Мурат 16.02.2021
Қаржы пирамидасына елбасы кінәлі емес, қарапайым халықтың өздері гой ұрынатын дегенмен шетелден келетін қаржы пирамидасын елге кіргізуге және елдегі құрылған пирамидаға да. тосқауыл қою, тиым салу керек.
Жауап беру
С
Сауле 16.02.2021
Л Капитал компаниясына ақша салған едім, енді пирамида деп жатыр, рас па?
Жауап беру
Г
Г 16.02.2021
Бул лохотрон гой
Жауап беру
Б
Бағила 16.02.2021
Банктердің пайызы өте жоғары сондықтан халық пайызсыз баспана алғысы келіп адал жоқ сондайға ұрынады ал ақша жинауға айлық аз азық бағасы көтеріліп кетті айлық шайлықтан аспайды соны түсініп онсыз да кредиті бар халық үшін банк пайызын төмендетсе
Жауап беру
М
Меру 16.02.2021
Оте дурыс айттыңыз колдаймын сизди
Жауап беру
С
Салиха 16.02.2021
Бұл мәселенің президент құлағына жеткеніне қуанып отырмын. Онысы жақсы екен. Сетевой адал ақша ғой. Қазір "50мың салсаң 500мың ғып 4 сағатта жасап береміз" деген спроттық "аналитиктер" жанды жеп тұр
Жауап беру
Г
Гаухар 16.02.2021
Казирги банктердин пайызы ози шарыктап тур, каржы пирамидасы десек те болады одан да сол банктердин пайызын томендетсе болады гой президент мырза
Жауап беру
С
Сагила 15.02.2021
АЛЛА өзі кешірсін. Сетевой деп бізде алдандық соңында маған неменеге сенесіңдер бір Аллаға сеніңдер деп қатырды , атақты блогер ханым , негізі аспандағы айды аперем деуге сәл қалып үгіттегенде лыпасыз қалуға шақ қалдық, бір АЛЛА жар болсын баршамызға.
Жауап беру
Е
Ерке 15.02.2021
Тек жалқау әрі мүлдем сауаты жоқ адамдар алданады. Жалқау дегенім оңай ақшаны көздеп отырады. Елдер 1 жыл тыңбай еңбектеніп тапқанын олар 1 айда таба салғысы келеді. Батпан құйрық жоқ дегенді қашан үйренеді екнн
Жауап беру
Д
Дана 15.02.2021
GB- capital компаниясына алданып калдык, катты окинемин.
Жауап беру
А
Айнұр 15.02.2021
Фючернет, юмаркеке алдандым
Жауап беру
Г
Гаухар 15.02.2021
Мен шымкен калаынын тургынымыен менде индиго24 не алдандым
Жауап беру
М
Мархабат 15.02.2021
Казирги танда соткада группа ашып акша жинап ойынга саламыз,акша айналдырамыз деген группа кобейіп кетти.Акшаларын жинап алып жок боп кетип жатыр.Канша халык акшасынан айрылып жатыр алданып.Осы мəселени бир жакты кылып шешсе гой.
Жауап беру
Г
Гулнар 15.02.2021
Жа,
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл