Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Елімізде тағы қаржы пирамидасы ұйымдастырылып, азаматтар 70 млн теңгеге алданып қалған. Ақмола полиция қызметкерлері “WhatsApp” желісі арқылы қаржылық пирамиданы құрған 48 жастағы әйелді ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.
Ағымдағы жылдың 1 наурызында Көкшетау қаласының 65 жастағы тұрғыны интернет арқылы 63 мың теңгесінен айырылып қалғаны жайлы шағымданып, арыз жазған. Нәтижесінде, ҚР ҚК-нің 190-бабының 2-бөлігімен алаяқтық ісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Көкшетау қаласының 48 жастағы тұрғынының ақша табу мақсатында 2020 жылы “WhatsApp” мессенджері арқылы пирамида құрғаны анықталды. Пирамидаға Ақтау, Жаңаөзен, Нұр-Сұлтан, Павлодар қалаларынан 20-ға жуық адам алданып қалған. Жиыны 70 млн теңгенің шығыны анықталды.