Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Елімізде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы 2,4%-ке қымбаттаған. Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов үкімет отырысында бағаның негізсіз көтерілетіндігі үшін шенеуніктер жауапқа тартылатынын айтты.
Бақыт Сұлтановтың айтуынша, азық-түлік нарығында баға импортқа және экспортқа байланысты өсіп отыр. Әсіресе, бағаның көтерілуін маусымға байланысты қымбаттайтын көкөністерден байқауға болады.
"Тұрақтандыру қорларының көлемі жеткіліксіз, яғни 3,7 млрд. теңгеге 25,4 мың тонна қалыптасты. Олардың араласуы жалпы тұтынудың тек 0,2%-тен 1,4%-не дейін келеді. Бұл бағаға әсер етпейді. Сондай-ақ тұрақтандыру қорларының өздері де тиімсіз қалыптасады", -деді Бақыт Сұлтанов.
Ол ауыл шаруашылығы министрлігіне облыстардың атқарушы органдарымен бірге өндірісті барынша көбейтуді тапсырды. Сонымен қатар, алдағы уақытта еліміздің әр аймағындағы атқарылған жұмыстарға талдау жүреді. Нәтиже болмаған жағдайда шенеуніктер жауапкершілікке тартылатынын айтты.
Тағы көру