Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев ұялы байланыс операторларының тарифтері мен интернет сапасына қатысты сұрақтарға жауап берді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Министрдің айтуынша, үкімет еркін нарықта бағаны реттеуге құқылы емес, себебі бұл кәсіпкерлік кодексімен шектелген. Сонымен қатар байланыс операторлары өз желілерін жақсартуға көп қаржы жұмсауға уәде бергендіктен, мемлекет олардың тарифті көтеруіне тыйым сала алмайды.
Министр өз сөзінде интернет сапасы мәселесіне қатысты пікір білдірді.
Егер сіздің интернет сапасына көңіліңіз толмаса, Wi-Fi желісін пайдалануды ұсынамын. Мен де өзім Wi-Fi-ға қосылып жұмыс істеймін, – деді ол.
Министр Қазақстандағы интернет сапасын жақсартуға және халыққа жоғары сапалы байланыс қызметін көрсетуге уәде берді.