Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Жаңалықтар

"Бағасы 322 тг, сатып алғаным 433 теңге болды" – шенеуніктің картоп бағасы бойынша мәліметтері сәйкес келмеді

21.01.2025
1 мин
0
189

Сауда және интеграция министрлігінің Сауда комитеті төрағасының орынбасары Ернұр Жәутікбаевтан Қазақстанда картоп бағасының күрт өсу себебі сұралды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Ернұр Жәутікбаев үкімет кулуарында журналистерге түсініктеме берді. Оның айтуынша, қазіргі уақытта қазақстандық супермаркеттердің барлық желісінде картоп бар.

- Біз күн сайын картоптың бар-жоғын қадағалаймыз. Стабилизациялық қорларда картоп бар, Қазақстан бойынша шамамен 62 мың тонна қалған. Қазақстан бойынша орташа есеппен 130 теңге шамасында сатылады, нақтырақ айтсақ – 129 теңге, – деді Ернұр Жәутікбаев.

Ол картоптың дүкендерде емес, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерде қымбаттағанын түсіндірді.

- Қазіргі уақытта экспорттың ұлғаюына байланысты ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерде картоп көлемі бар, бірақ баға дәл солардан өскенін көріп отырмыз. Логистика мен сауда үстемесін қосқанда, бүгінгі күні Қазақстан бойынша баға орта есеппен 322 теңге шамасында өзгеріп тұр, – деді комитет төрағасының орынбасары.

Журналистер шенеуніктен соңғы рет қашан және қандай бағамен картоп сатып алғанын сұрады.

- Кеше супермаркетте өзім 433 теңгеге сатып алдым. Мен айтып тұрғаным, 322 – бұл Қазақстан бойынша орташа баға, – деп жауап берді ол.

500 теңгелік картоп, оның айтуынша, "белгілі бір сорт", оны мейрамханалар пайдаланады.

Қаңтардың басында Ақтөбеде картоптың келісі 200 теңгеден аспаған. Соңғы аптада баға екі есе өскен. Бірақ өнімнің сыртқы түрі сын көтермейді: көптеген түйнектер жарамсыз.

Картоп өсіретін өңір саналған Жетісу облысында бұл өнімнің бағасы 400 теңгеден асып кетті. Бірақ сапасы Ақтөбедегі картопқа қарағанда әлдеқайда жақсы.

Павлодарда базарда үй картобының келісі 400 теңге. Аулада орналасқан дүкендерде картоп 320 теңгеден сатылып жатыр. Павлодардың маңында картоптың бағасы 350 теңге.

Қызылордада павлодарлық картоп 360 теңгеден сатылуда. Әлеуметтік дүкендерде жергілікті өнім 135 теңге. Шығыс Қазақстан облысында картоптың бағасы келісі үшін 446 теңгеге жеткен.

Ең қымбат картоп Астанада сатылып жатыр. Магазиндерде таңдалған картоптың келісі 455 теңгеден босатылуда. Кейбір сауда орындарында өнім мүлде жоқ немесе тек қалдықтары сатылып жатыр.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл