Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Цифрлық даму, инновациялар жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрі Бағдат Мусин ауылдарға интернет желісін электр бағаналары арқылы тартуды ұсынды.
«Оптикалық талшық желілерін тартуды жеңілдету үшін электр бағаналарын пайдалануды ұсынып отырмыз. Ондай бағаналар ауылдардың көбінде бар. Сол бағаналарды қолданап отырып, оптика өткізуді заңды тұрғыда енгізіп жатырмыз», - деді Бағдат Мусин Мәжілістің баспасөз алаңында БАҚ өкілдеріне берген жауабында.
Оның пайымынша, аталған норма Парламенттен қолдау тауып, күшіне енсе, ауыл ішінде интернет таратуға ниетті әлеуетті операторлардың ықтимал шығындары қазіргіден әлдеқайда азаймақ.