Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстанда бала күтіміне берілетін жәрдемақыны 612 мың ата-ана алып жүр. Бұл жөнінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.
Бұл жәрдемақыны жұмыс істеп жүрген ата-аналар да, жұмыссыз отырған аналар мен әкелер де ала алады. Қазір елімізде жұмысы бар 552 мың ата-ана, жұмыссыз жүрген 60 мың ата-ана бар екен.
Одан бөлек, ендігі жылы “Алтын алқа”, “Батыр ана” атағын, I және II дәрежелі "Ана даңқы" орденін алғандарға берілетін жәрдемақы мөлшері 6,4 АЕК-тен 7,4 АЕК-ке дейін көбеймек.
Еске сала кетейік, 2023 жылдан бастап ата-аналар бала күтіміне қатысты жәрдемақыны баласы 1,5 жасқа толғанға дейін алып отырады. Бұрын бір жыл ғана алатын еді.
Тағы көру