Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Шығыс Қазақстан облысында ауыл тұрғыны ауруханада балағат сөз айтқаны үшін қамауға алынды.
Әйелге қатысты әкімшілік іс Шемонаиха аудандық сотында қаралды. Сот материалдарына сәйкес, ауыл тұрғыны аяғын жарақаттап, жергілікті ауруханаға барған. Ал қабылдау бөлімінде өз дәрігерлерге айқайлап, басқа адамдардың көзінше балағат сөз айтқан. Заң бойынша ондай сөздерді қоғамдық жерлерде айтуға тыйым салынған.
Ауруханаға қызметкерлері полицияны шақырып, ашуға мінген пациентті тәртіпке салуды талап етті. Оның бұған дейін де балағат сөздері үшін жауапқа тартылған. Шемонаиха аудандық соты жанжал шығарған келіншекті үш тәулікке әкімшілік қамауға алуға шешім шығарды.
Айта кетері, биыл наурыз айынан бастап қоғамдық жерлерде балағат сөз айтқаны үшін айыппұлдың көлемі 69 мың теңгеге дейін өсті. Тәртіп бұзушылық қайталанса, қамауға алу жазасы қолданылуы мүмкін.
Фото: ашық дереккөзден