Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
ҚР ДСМ Ұлттық Қоғамдық денсаулық сақтау орталығының Инфекциялық емес аурулардың профилактикасы департаментінің бас маманы Қуаныш Әлімбетов жазда балаларды қандай жарақаттардан сақтау керектігі туралы айтып берді, деп хабарлайды Dauletten.kz ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
Маманның айтуынша, жаз мезгілінде жарақаттану профилактикасының негізгі әдісі – алдын ала қамдану және сақтану.
Сондықтан ауа-райына сәйкес киім мен аяқ киімді таңдаңыз. Жазғы спорт түрлерімен және ойындармен айналысу кезінде қауіпсіз мінез-құлық ережелерін сақтау, балаларды қараусыз қалдырмау керек.
Екіншіден, биік қабаттарда москит торлары бар ашық терезелерден абай болу керек. Соңғы жылдары тиісті қауіпсіздік ережелердің сақталмауына орай кішкентай балалардың құлап кетуі жиі кездесуде. Есіңізде болсын, москит торлардың дизайны салмаққа, тіпті кішкентай балаға да арналмаған.
Қыс мезгіліндегідей, жазда да жол-көлік жарақаттарын есте ұстаған жөн. Көбінесе бала көліктің келе жатқанына мән бермей, жүгіріп өтуге тырысады. Алайда, көп жағдайда жүргізуші баяулай бермейді. Жолдың жүру бөлігін тек жаяу жүргіншілер өткелі арқылы кесіп өту керек. Осыған орай, жол қозғалысы ережелерін сақтауды балаңызға да үйреткен абзал.
Жазда тағы бір жиі кездесетін жарақат - күйік. Жоғары температураның немесе ашық жалынның әсерінен тіндердің зақымдануы сіріңкелерді, тез тұтанатын қоспалар мен заттарды абайсыз қолдану нәтижесінде пайда болуы мүмкін. Көбінесе сіріңкелермен ойнайтын балалар терек мамығын жағып, қураған немесе кепкен шөптің тұтануына себеп болады. Мұндай жағдай өртті тудыруы мүмкін. Сондықтан балалармен әңгімелер жүргізіп, «сіріңке балаларға арналған ойыншық емес» екенін түсіндіру қажет.
Жағымсыз салдардың алдын алу үшін баланы серуендеуге дұрыс киіндіріңіз, ауыз су режимін қамтамасыз етіңіз, дұрыс таңдалмаған ойынның ықтимал қауіпті салдары туралы айтыңыз.
Балаларға ашық түсті киім кигізуге тырысыңыз, тіпті жазғы кезеңде көшеде қыста, әсіресе елді мекеннің нашар жарықтандырылған жерлерінде қараңғы болатынын есте ұстаған жөн.
Егер сіз жарақат алсаңыз, диагнозды нақтылау және денсаулығыңызға қауіп төндіретін жағдайларды болдырмау үшін міндетті түрде медициналық мекемеге хабарласыңыз, өйткені дәрігер ғана тексере алады, дұрыс диагноз қоя алады және қажетті емдеуді тағайындай алады, бәрі басылғанша күтпеңіз және үміттенбеңіз, өзіңізді-өзіңіз емдеудің қажеті жоқ, осылайша уақытты өткізіп аласыз. Барлық жарақаттар бірден көрінбеуі мүмкін, тіпті жеңіл ауырсыну кезінде буыныңыз шығуы мүмкін. Уақытында басталған ем сәтті қалпына келу кілті болып табылады және жарақаттан кейінгі асқынулардың профилактикасы болады.