Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Балаларды жазғы лагерьге жібергенде нені ескеру қажет
Жаңалықтар

Балаларды жазғы лагерьге жібергенде нені ескеру қажет

04.06.2022
1 мин
1
3581

Бүгінгі күні қала сыртындағы 234 лагерь санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің бақылауында. Оның ішінде жыл бойы жұмыс істейтіні - 18. Қалған 216-сы - маусымдық. Жыл бойы қызмет көрсететін ұйымдар санэпид қорытындыны объектіні пайдалану алдында бір рет, ал маусымдық лагерьлер сауықтыру кезеңі басталғанға дейін алуы қажет.

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің интернет ресурсындағы «Комитет туралы-Құжаттар» бөлімшесінде балаларды сауықтыру ұйымдарының тізбесін жариялады.

Қазіргі таңда 34 лагерь балаларды қабылдауға дайын. 

Алдын ала деректер бойынша алдағы сауықтыру маусымында 12 лагерь қызмет көрсетпейді. 

Санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алған сауықтыру ұйымдары туралы мәлімет аумақтық білім басқармаларына жолданады. Бұл балалардың рұқсаты жоқ лагерьде демалуына жол бермеу мақсатында жасалады.

Комитеттің аумақтық бөлімшелері балалардың демалуы үшін қауіпсіз орындарды таңдау мәселесі бойынша ата-аналар арасында түсіндіру жұмысын жүргізіп жатыр.

Сонымен қатар комитет шұғыл желі жұмысын іске қосты. Қандай да бір кемшілік анықталған жағдайда мына нөмірге жүгінуге болады – 8 (7172) 74-18-64

Демалыс орындарын таңдау кезінде Денсаулық сақтау министрлігі сауықтыру ұйымдарындағы мына деректерге назар аударуды ұсынады:

балалардың тұратын орны. Балалар бөлмелері кең, жарық, жаңа немесе жаңартылған болуы тиіс, жеке заттарды сақтауға арналған жағдайлар қарастырылады. Бөлмедегі балалар саны, терезелердің ашылу жағдайлары, бөлмені желдетіп тұру мүмкіндіктері, тазалау жұмыстарының жүргізілу жиілігі, жеке жуынатын бөлмелердің болуы және оның балалар тұратын қабатта, яғни көп қабатты ғимаратта немесе коттедждерге орналасу мүмкіндігінің бар-жоқтығына назар аударуға кеңес береміз. Төсек-орынның жабдықтарын ауыстыру ластануына қарай, бірақ күнтізбе бойынша жеті күннен сирек болмауы қажет;

тамақтану (шатырлы (киіз үй) типте болса да) толыққанды және теңгерімді, балалар организміне есептелген мөлшерде болуы тиіс. Баланы күніне кемінде 4-5 рет тамақтандыру керек және түскі асқа міндетті түрде ыстық тамақ беріледі. Ата-аналар тағамның сапасы мен қауіпсіздігіне сенімді болуы керек, сондықтан алдын-ала ұсынылған мәзірмен танысқан жөн;

- балалар демалысын ұйымдастыруда қауіпсіздік басты назарда. Әрқашан аумақтың сенімді қоршалғанын, оның күзетілетінін (бейнебақылау камераларымен жабдықталған), түнде құлыппен бекітілетіндігін және балалар оны өз бетінше аша алмайтынын, сонымен қатар лагерьге бөтен адамдардың кіруінен сенімді қорғалғаны жайлы анықтау қажет. Балалар ұзақ уақыт қараусыз қалмайтынына да көз жеткізу маңызды.

Сондай-ақ, лагерьде күзет пен медициналық қызметкерлердің болуына назар аударған дұрыс. 

Жақсы көңіл-күй мен әл-ауқат қана емес, кейде баланың денсаулығы да осындай қарапайым нұсқауларға байланысты екенін де ұмытпаған абзал. 

 

Банк картасындағы CVV коды нені білдіреді?
1159 адам
интернеттегі операцияларға арналған 3 таңбалы сан 0%
карта иесі жайлы нақты мәліметтер жинақталатын 9 таңбалы сан 0%
төлем жүйесінің голлограммасы 0%
банк идентификаторы, яғни картаның қай банктен шыққаны жазылады 0%
Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
1 Пікір
У
Улбо́сы́н 05.06.2022
А́зы́к туликке кетеди акша жетпи́де калады олместин кунин кешип журми́з азы́к тулик кы́мбатап кети́ 10/20 % коссандаршы пенси́я́ посовия́ карапайым жумысшлардн жалаксына
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл