| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Балалар виртуалды әлемде ұзақ уақыт өткізетін ойынға бақылау қажет екенін айтты, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Мәжіліс депутаты Үнзила Шапақ Қазақстандағы балалар арасында кең тараған Roblox ойынына қатысты ұсыныс жасады. Депутаттың айтуынша, ойын кей жағдайларда балалар психикасына кері әсер етуі мүмкін.
Roblox платформасы пайдаланушыларға өз ойындарын құруға, виртуалды әлемде қарым-қатынас жасауға және басқа ойыншылармен байланыс орнатуға мүмкіндік береді. Алайда депутат виртуалды тәуелділік, агрессивті мінез-құлық, шынайы өмірден алыстау және жас ерекшелігіне сәйкес келмейтін контенттің балаларға зиян тигізуі мүмкін екенін атап өтті.
Осы себепті Үнзила Шапақ ойынға белгілі бір шектеулер немесе бақылау шараларын қарастыруды ұсынды.