Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Балаларға арналған банк карталарын енді онлайн ашуға болады
Жаңалықтар

Балаларға арналған банк карталарын енді онлайн ашуға болады

07.08.2023
1 мин
0
686
Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Балаларға банк карталарын ашу олардың қамқоршылары мен қорғаншылары үшін онлайн режимінде қолжетімді болады, деп хабарлайды Dauletten.kz ҚР Оқу-ағарту министрлігінің цифрландыру және автоматтандыру департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Оқу-ағарту министрлігі ЦДИАӨМ-мен және «ҰАТ» АҚ-мен бірлесе отырып, қорғаншылар мен қамқоршылардың келісімімен олардың қамқоршылығындағы 18 жасқа толмаған балалар туралы мәліметтерді беру бойынша екінші деңгейлі банктермен интеграциялық қызметті жүзеге асырды. Интеграция қорғаншылар мен қамқоршыларға банктік қызметтерді алу үшін қағаз жүзіндегі анықтамаларсыз, өздерінің мәртебесін онлайн растауға мүмкіндік береді», - деп атап көрсетті Оқу-ағарту вице-министрі Айбат Ілиясов. 

Бұрын балаға банк картасын тек ата-анасы ғана аша алатын. Енді бұл қызмет қорғаншылар мен қамқоршылар үшін де қолжетімді болады. ҚР Оқу-ағарту министрлігінде мемлекеттік қызметтерді электронды және проактивті форматқа көшіру бойынша жұмыстар жалғасуда.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл