Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Баласы бар ата-аналар жұмыс уақытын қысқартуға құқылы ма?
Жаңалықтар

Баласы бар ата-аналар жұмыс уақытын қысқартуға құқылы ма?

19.11.2025
мин
0
258
Сурет:sn.kz

Мәжіліс депутаты Қарақат Әбден кішкентай баласы бар ата-аналардың қысқартылған жұмыс уақытын алу мәселесі бойынша депутаттық сауал жолдады, - деп хабарлайды Dauletten.kz. 

Көптеген ата-аналар жұмыс уақытының сәйкес келмеуіне  байланысты қиындықтарға тап болатынын, әсіресе балабақшадан баланы дер кезінде алып кетуге үлгермей жататынын айтады. 

Үкіметтің жауабына сәйкес, қазіргі заңнама кішкентай балалары бар ата-аналарға қысқартылған жұмыс уақытын талап етуге құқық береді. Яғни заң бойынша бұл рұқсат етілген.

Алайда іс жүзінде көптеген ата-аналар еңбек шарттарында бұл құқық толық сақталмайтынын айтады.

Депутаттың сауалына жауап берген министрлік бұл құқық нақты еңбек шарты арқылы жүзеге асатынын түсіндірді. Жұмыс беруші мен жұмысшы арасындағы еңбек шартында жұмыс уақыты екі жақты келісім арқылы реттеледі. 

Мысалы, таңғы 8:00-ден кешкі 18:00-ге дейін, немесе 9:00-ден 17:00-ге дейін, сондай-ақ сенбі күні түске дейін жұмыс жасау туралы келісуге болады.

- Егер жұмыс беруші мұндай келісімге келмесе, жұмысшы еңбек заңнамасына сәйкес арыздануға құқылы. Министрлік түскен шағымдарды қарап, қажетті көмекті көрсетеді, - деді ол.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл