Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Бали жағалауында жолаушылар паромы суға батып кетті
Жаңалықтар

Бали жағалауында жолаушылар паромы суға батып кетті

03.07.2025
1 мин
0
117
Сурет: azattyq-ruhy.kz

Индонезияның Бали аралында жолаушылар паромы суға батып кеткен, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Кеменің бортында 53 жолаушы мен 12 экипаж мүшесі, жалпы 65 адам болған.

Ява аралындағы Банюванг қаласының полиция бастығының мәліметінше, 4 адам қаза тауып, 23 адам құтқарылған. Қалған адамдар іздестіріліп жатыр.

Паром Шығыс Явадағы Кетапанг портынан шығып, Гилиманук (Бали аралы) бағытына бет алған. Кеме орнынан қозғалғаннан кейін шамамен 25 минуттан соң суға кеткен.

Паром бортында жолаушылармен қатар 22 көлік болған, оның ішінде 14 жүк көлігі бар.

CNN Indonesia мәліметіне сәйкес, апат алдында экипаж қозғалтқышта ақау барынхабарлаған.

Қазіргі уақытта іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасуда. Апаттың нақты себебі әзірге анықталған жоқ.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл