Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Балқашта мырыш зауытын қайта құру үшін 100 млн доллар жұмсалмақ, деп хабарлайды Dauletten.kz сайты Қарағанды облысының әкімдігіне сілтеме жасап.
Ақпаратқа сүйенсек, өндірісті іске қосу 2022 жылға жоспарланған.
"Өндірісті қайта құруға $100 млн астам инвестиция қажет болады. Қосымша 700 жұмыс орны ашылады", – делінген хабарламада.
Инженерлік-техникалық сала мамандарына 120 жұмыс орны құрылса, қалған орындар механик, электрик, гидрометаллург және басқа да жұмысшы мамандарға тиесілі.
Әкімдікте атап өткендей, зауыт төмен сұрыпты мыс қоспасын өңдеумен айналысатын болады. Сондай-ақ, қайта құрудан кейін катодты мыс өндірісінің артуы, мыстың тікелей алынуының артуы, ілеспе өнімдерден (мырыш пен қорғасын) қосымша пайда алу жоспарланған.