| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Балқашта тұрғын үйдің бір бөлігі опырылып қалды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
19 ақпан күні таңертең Балқаштағы Қараменде би көшесі, 10 мекенжайындағы көпқабатты тұрғын үйдің бесінші кіреберісі ішінара опырылды. Зардап шеккендер жоқ, өйткені бұл кіреберіс бұған дейін апатты деп танылып, тұрғындар алдын ала басқа жерге көшірілген.
Оқиға шамамен сағат 08:10-да тіркелген. Балқаш қаласының әкімдігі тұрғындардың қауіпсіздігін қадағалап, оқиға кезінде ешқандай төтенше жағдай болмағанын хабарлады.
Бесінші кіреберіс 2025 жылы жүргізілген техникалық сараптама нәтижесінде апатты деп танылған, пәтерлер тұруға жарамсыз деп бағаланған. Қала билігі бұзуға дайындық жұмыстарын жүргізген болатын.