Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
«Отбасы банк» тамыз айының соңында «Бақытты отбасы» бағдарламасының қорытындысын шығарды. Оған сәйкес 1 064 қатысушы жылдық 2%-дық жеңілдікпен несие алды.
Қазіргі кезде бағдарлама операторы баспана кезегіндегі резервте тұрған 1 996 үміткерді төлем қабілеттілігін тексеру үшін ұсынды.
«Резервтік тізімдегі үміткерлерге төлем қабілеттілігінен өту үшін SMS түрінде шақыру жіберілді», - дейді Отбасы банкі мамандары.
Бағдарлама бойынша мәртебені оператордың ресми сайтынан тексеруге болады.
Естеріңізге сала кетейік, бағдарлама шартына сәйкес, соңғы алты айда отбасының әрбір мүшесінің айлық табысы 3,1 ең төменгі көрсеткіш, яғни 106 336 теңгеге дейін болуы тиіс.
Тағы көру