Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Отбасы банкі Нұрлы жер бағдарламасының "Бақытты Отбасы" және "Шаңырақ" бағыттары бойынша үкімет қаулысымен енгізілген маңызды өзгерістерді хабарлады.
Енді "Бақытты Отбасы" бағдарламасы бойынша отбасының әр мүшесінің соңғы алты айдағы табысы айына 3,1 ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспауы керек. Бұрын бұл талап 2 ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын.
"Шаңырақ" және "ЖАО-ның әлеуметтік несиелік тұрғын үй беру" бағыттары бойынша, отбасының әрбір мүшесінің соңғы алты айдағы табысы айына 3,7 ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспауы тиіс. Бұрын 3,1 ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспауы шарт еді.
Сондай-ақ, "ЖАО-ның әлеуметтік несиелік тұрғын үй беру" және "Шаңырақ" бағыттары бойынша әкімдіктер салған тұрғын үйлерді несиеге жүгінбей, жеке қаражатына (оның ішінде Отбасы банктегі депозиті) сатып алғысы келетін, алайда табысы белгіленген лимитке сәйкес келмейтін тұрығындарға бағдарламаға қатысу мүмкіндігі енгізілді.
"Шаңырақ" бағыты бойынша уәкілетті ұйым салып бітірген проблемалы тұрғын үй объектілерінен де тұрғын үй сатып алуға жол беріледі.
Еске сала кетейік, 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі күнкөріс деңгейі 34 302 теңгені құрайды. "Бақытты Отбасы" бойынша бір адамға шаққандағы ең жоғары табыс 106 336,2 теңгеден аспауы керек. "Шаңырақ" бағыты бойынша табыс мөлшері 126 917,4 теңгеден аспайды.
Тағы көру