Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментінің директоры Аман Сейтовтің айтуынша, 17 наурыз күні еліміздің барлық өңірлеріндегі мектептер мен колледждерде бір мезгілде қазақ күйлері орындалады, – деп хабарлайды Dauletten.kz
Департамент директорының айтуынша, аталмыш шара оқушылар мен студенттерді ұлттық рух пен отансүйгіштікке баулып, балалар арасында ұлттық музыкалық аспатты насихаттауға бағытталған.
«Домбырашылар челленджі – балалар мен жастардың, мұғалімдер мен ата-аналардың музыкалық өнер саласындағы шығармашылық жетістіктерін көрсету және домбыраны дәріптеу. Оған барлық ниет білдірушілер қатыса алады. Мұндай челлендж оқушылар арасында алғаш рет өткізіліп отыр. Осы жұма күні еліміздің барлық білім беру ұйымдарында бір уақытта домбыраның қоңыр үні күмбірлейтін болады. Бұл – республиканың мәдени өміріндегі ерекше оқиға», – дейді Аман Сейтов
фото: old.baq.kz