Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Елордада азаматтарға бастапқы жарна ретінде берілетін тұрғын үй сертификаттарының сомасы 1,5 млн теңгеге өседі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов айтты.
Оның айтуынша, баспана алуға берілетін сертификаттарды алатын азаматтар саны артты. Бұған дейін тек үш санатқа жататын адамдарға табысталса, енді тұрғын үй кезегінде тұрған тоғыз санат бойынша да сертификаттар беріледі.
"Келер жылдан бастап сертификат бағасын 1 млн теңгеден 1,5 млн теңгеге дейін ұлғайту жоспарланып отыр. Сондай-ақ әлеуметтік пәтер алушылар санатын кеңейттік. Енді азаматтар баспана алу үшін алғашқы жарна 1,5 млн теңгенің сертификаттарын ала алады", - деді ол.
Еске сала кетейік, осы уақытқа дейін тұрғын үй сертификаты толық емес, көпбалалы және мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасыларға берілген. Енді баспана кезегінде тұрғандардың барлығы алады. Олар:
Тағы көру