Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде «5-10-20» бағдарламасы басталды. Аталмыш бағдарлама енді «Шаңырақ» деп аталатын болады.
Мемлекет тарапынан төмен пайызбен ұсынылған несиені әкімдікте баспана алуға кезекте тұрған азаматтар ала алады. Биыл бұл бағдарламаға 1986-2010 жылдар аралығында тұрғын үй кезегіне тұрған жандар қатыса алады.
Ипотеканы рәсімдеу үшін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі шотта бастапқы жарна 10 пайыз жиналуы керек. Азаматтар несие мерзімін 20 жылға дейін, жылдық 5 пайыздық мөлшерлемемен баспаналы бола алады.
Жалақы мөлшері қалай есептеледі?
Бағдарлама барысында азаматтардың әкімдік кезегінде тұруынан бөлек, жалақы мөлшеріне де көңіл бөлінеді. Отбасының әр мүшесіне шаққандағы табысы есепке алынады. Жобаға табыс көрсеткіші екі айлық ең төменгі күнкөріс деңгейінен 3,1 айлық ең төменгі күнкөріс деңгейіне дейінгі азаматтар қатыса алады. Бұл 65 мың 336 теңгеден 101 мың 270 теңгеге дейінгі табыс мөлшерін құрайды.
Мысалы, Мырқымбайдың отбасында 4 адам деп алатын болсақ, яғни Мырқымбай, оның әйелі және екі баласы. Ал табыс мөлшері 300 мың теңге делік. Осы орайда, ортақ табысты әр отбасы мүшесіне бөлеміз.
300 мың: 4 = 75 мың теңге
Демек, бұл жанұя «5-10-20» бағдарламасы арқылы баспаналы бола алады. Себебі айлық табыс көрсеткіші – 101 мың 270 теңгеден аспайды.
Ал басқа отбасында күйеуінің табысы 220 мың теңге, ал әйелінікі 130 мың деп алайық. Яғни, ортақ жалақы – 350 мың теңге. Сондай-ақ отбасында бала жоқ делік. Бұл жағдайда 101 мың 270 теңгені 2 адам санына көбейтеміз, нәтижесінде 202 мың 540 теңге шығады. Алайда отбасының табыс мөлшері одан жоғары. Сол себепті бұл отбасы «Шаңырақ» бағдарламасы арқылы баспана ала алмайды.
Құжаттар 2020 жылдың 17 тамызынан бастап 16 қыркүйегіне дейінгі аралықта тек hcsbk.kz сайты арқылы электронды түрде қабылданады.
«Шаңырақ» бағдарламасына 210 млрд теңге көлемінде қаражат бөлу жоспарланған. Оның 90 млрд теңге көлеміндегі алғашқы бөлігі Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне түсті. Бұл сомаға сәйкес еліміздің шамамен 7-8 мыңдай баспанаға мұқтаж отбасыларды баспанамен қамтамасыз ету жоспарланған.
Тағы көру