Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Декреттік демалыс – ата-аналардың бірі бар уақытын кішкентай бала күтіміне арнайтын кезең. Осыған байланысты қызметтен кеткендіктен, жұмыс орны жалақы төлемейді. Мемлекет декреттік демалыста жүргендерге арнайы әлеуметтік жәрдемақы түрінде көмек көрсетеді. Дәл осы мақалада декреттік демалыстың ұзақтығы және елімізде 2020 жылы тағайындалған жәрдемақы мөлшеріне толығырақ тоқталамыз. Өздеріңізге танымал Бәтима мен Лариса әпшені мысал ретінде алдық.
Қазақстандағы декреттік демалыс түрлері және ұзақтығы
Сәбидің дүниеге келуі айтарлықтай қаржылық шығындарды талап етеді. Отбасының жаңа мүшесіне дұрыс күтім жасау үшін әкесі немесе анасы декреттік демалыс алады. Осы орайда, ҚР Еңбек кодексінде әлеуметтік демалысты тағайындаудың арнайы ережелері мен заңдары бекітілген.
Қазақстанда декреттік демалыстың 3 түрі бар:
Бұл декреттік демалыстардың айырмашылықтары 1 және 2 мысалда мемлекет толық кепілдік беріп, босанғанға дейін және босанғаннан кейінгі кезеңдегі әйелдерге, сондай-ақ бала асырап алушыларға төленетін төлемдерге бақылау жүргізеді. Оларға орташа айлық жалақы төленеді және жұмыс орны сақталады.
Декреттік демалыстың үшінші түрі, бала 3 жасқа толғанға дейін оның күтіміне жалақы сақталмайтын демалыс беріледі. Бұл жағдайда демалысты әкесі немесе анасы алады, ал бала ата-ананың қамқорлығынсыз қалған болса ата-әжесі, туыстары, яғни баланы сеніп тапсыра алатын адамдарға беріледі. Бұл жағдайда жалақы төленбейді, бірақ бұрынғы жұмыс орнына қайта орналасу мүмкіндігі сақталады.
Қазақстанда қандай декреттік төлем беріледі?
Бұл декреттік төлем Бәтимаға да, Лариса әпшеге де беріледі.
Ескерте кететін жайт, есептеулердің көпшілігі жыл сайын өзгеретін АЕК-ке байланысты. 2020 жылы айлық есептік көрсеткіш - 2 778 теңгені құрайды.
Баланың дүниеге келуіне байланысты бір реттік мемлекеттік жәрдемақы беріледі. Бұл мемлекет тарапынан бір рет берілетін көмек. Бұл төлемді есептеу кезінде әйел адамның босанғанға дейін жұмыс істегендігі ескерілмейді. Отбасындағы балалар саны рөл атқарады.
Бала тууына арналған жәрдемақы мөлшерін қалай есептеуге болады (барлық әйелдер үшін). Яғни бұл жәрдемақыны Бәтима да (жұмыс істейді), Лариса әпше (жұмыс істемейді) де ала алады. Себебі баланың тууына арналған жәрдемақының мөлшері бекітілген:
Бала тууына байланысты берілетін сома толық төленеді. Төлемдер көзі – мемлекеттік бюджет есебінен жүреді.
Баланың бір жасқа толғанға дейінгі күтімі бойынша әлеуметік жәрдемақы (жұмыс істемейтін әйелдер үшін). Жұмыс істемейтін – Лариса әпше баласы үшін ай сайын мемлекеттен жалақы ала алады. Біз декретке дейін жұмыс істемеген Лариса әпше үшін Қазақстанда жәрдемақыны есебін жүргіздік.
Әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатыспаған әйелдер тіркелген соманы алады. Яғни оның мөлшері Лариса әпшенің қанша баласы болғанына байланысты. 2020 жылы жұмыс істемеген әйелдердің ай сайынғы жәрдемақысы:
Баланың бір жасқа толғанға дейінгі күтімі бойынша әлеуметік жәрдемақы (жұмыс істейтін әйелдер үшін).
Бәтима – кемі екі жыл заңды түрде жұмыс істеп келді. Яғни зейнетақы қорына табысынан ай сайын ақша салынып отырды. Бұл жағдайда бала күтімі бойынша әлеуметтік төлем ай сайын төленеді. Және Бәтиманың жұмыс істегені ескеріліп, сақтандыру жарнасы салынған ай сайынғы жалақысы есептеледі. Жарлық бойынша алатын соманы білу үшін соңғы 24 айдағы (2 жылдағы) жалпы кірісті білу керек. Формула: кіріс 24-ке бөлінеді, 0,4 коэффициентіне көбейтіледі. Алынған сомадан 10 % зейнетақы жарнасын шегеру керек.
Мысал. Декреттік демалыстың алдындағы соңғы екі жыл ішінде Бәтима ай сайын 180 мың теңге (бірінші жыл) және 230 мың теңге (екінші жыл) алды. Оның декреттік төлемі:
12 × 180 мың + 12 × 230 мың = 2 миллион 160 мың + 2 миллион 760 мың = 4 миллион 920 мың
4 миллион 920 мың: 24 = 205 мың теңге
205 мың × 0,4 = 82 мың теңге
82 мың × 10: 100 = 8 мың 200 теңге
82 мың - 8 мың 200 = 73 мың 800 теңге - ай сайын төленетін сома.
Декреттік демалысты рәсімдеу үшін қандай құжаттар керек?
Балаға бір жылға дейінгі декреттік төлемдерін тіркеу үшін:
1.Жеке басын куәландыратын құжат (паспорт, жеке куәлік).
2. Баланың (балалардың) туу туралы куәлігі (куәліктері) немесе туу туралы актілік жазбадан үзінді көшірме.
3. Банктен анықтама және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған банк шотының нөмірі туралы құжат.
Декреттік демалыс – отбасы үшін қаржылық қиын кезең, өйткені бюджеттің негізгі ауыртпалықтары жұмыс істейтін ата-ананың біреуінің мойнына түседі. Жағдайды жеңілдету үшін мемлекет ата-аналарға және асырап алушыларға әлеуметтік көмек көрсету жүйесін құруда. Бұл жағдайды жақсарту мақсатында елімізде мемелекет таратынан жоғарыда айтып өткендей берілетін бір реттік және ай сайынғы төлемдер бар. Тек декреттік демалысқа шығар алдында Бәтиманың Лариса әпшеден әлдеқайда жоғары жәрдемақы алатынын ескеру керек, яғни ол Батиманың белгілі бір мекемеде жұмыс істеуіне тікелей байланысты.
Назерке БАЙЖАН
Тағы көру