Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Орал қаласының Перевалочная тоғай ауданында, «Орман және жануарлар дүниесін қорғау» ММ аумағында құрғақ шөп және орман екпелері өртенді деп хабарлайды Dauletten.kz.
Өрттің аумағы 70 гектарға жеткен. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді.
Өртті сөндіруге төтенше жағдайлар департаменті, орман шаруашылығы және коммуналдық кәсіпорындардың қызметкерлері – жалпы саны 100 адам мен 26 техника жұмылдырылған.
«Өрт сөндіруді екпіні 15-20 м/с болатын қатты жел қиындатты. Табиғи өрттің жалпы аумағы орман қорының 70 гектарын құрады, оның 15 гектарын орман (терек, қарағаш) алып жатыр», – делінген төтенше жағдайлар департаментінің хабарламасында.
Қалың тұман іспетті, қою түтін қаланың қаланың бәрін дерлік басып алған.
фото: БҚО Төтенше жағдайлар департаменті