Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Dauletten.kz.
Оқиға 20 маусымда сағат 21.36-да «Жасыбай» демалыс аймағында болған. Құтқарушыларға тауда бір адам аяғын сындырып, түсе алмай жатқаны туралы хабарлама келіп түскен.
«Оқиға орнына альпинистік жабдықтары бар 5 құтқарушы, бір техника және кинологиялық есептоп дереу жолға шықты. Құтқарушылар таулардан ер адамды іздеп тапқан кезде, ол ес-түссіз болған. Оның таудан, биіктіктен құлағаны анықталды. Оны байқап қалған демалушылар, дереу құтқарушыларға хабарлаған»,- делінген мәлімдемеде.
Павлодар облысы ТЖД қызметкерлері СОБР қызметкерлерімен, Павлодар облысы ПД учаскелік инспекторларымен бірлесіп, зардап шегушіні жерден 200 метр биіктіктен қөтеретін арнайы зембілдерді пайдаланып жерге түсіріп, жедел жәрдем қызметтеріне тапсырған. 1958 жылы туған ер адам миы шайқалып, іш қабырғасына зақым келген. Науқас Баянауыл орталық ауруханасына жатқызылған.