Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Дональд Трамптың командасы АҚШ федералдық үкіметін басқаруға көшу процесі басталғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Ақ үй аппаратының жаңа басшысы Сьюзи Уайлстың айтуынша, енді Трамп командасы өз өкілдерін әртүрлі департаменттер мен агенттіктерге жіберіп, барлық құжаттар мен істерді қабылдап алады.
- Жаңа үкімет құрамын жасақтау аяқталғаннан кейін, президент болып сайланған Трамп әкімшілігі көшу процесіне кіріседі, - деді Уайлс.
Дегенмен, басылымның мәліметінше, Байден әкімшілігімен жасалған бұл келісім билік ауысуында әдетте қабылданатын меморандумның қысқартылған нұсқасы болуы мүмкін. Атап айтқанда, құжат жаңа әкімшілікті қаржыландыру мәселесіне де әсер етуі ықтимал. Уайлстың айтуынша, Трамп командасы өз демеушілерінің барлығын ашық көрсетуге және шетелден қаржы алмауға міндеттеніп отыр. Сонымен қатар, ол Трамп командасының мемлекеттік қаражатты пайдаланбайтынын және барлық жұмыстың жеке көздерден қаржыландырылатынын мәлімдеді.