Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Үкімет отырысында Бектенов барлық мектеп асханаларына мониторинг жүргізіп, персоналдың жұмысқа рұқсатының болуын, тамақ өнімдерінің жарамдылық мерзімдері мен сақтау шарттарының сақталуын тексеруді тапсырғанын еске салды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Алайда Премьер-министр Денсаулық сақтау министрлігінің бұл тапсырманы орындауды кешіктіріп жатқанын атап өтті.
- Бір балаға арналған тамақтану құны орташа алғанда 500 теңгеден аспайды. Жыл соңына дейін өңірлердің әкімдіктеріне инфляция деңгейін ескере отырып, тамақтану құнын арттыру үшін қаражат бөлуді тапсырдым. Мектеп асханаларының материалдық-техникалық базасын жақсарту мәселесін ерекше бақылауға алу қажет, – деді Бектенов.
Сондай-ақ әкімдіктерге жыл соңына дейін тамақтану сапасын қамтамасыз ету және бюджет қаражатын пайдаланудың ашықтығын арттыру үшін аппараттық-бағдарламалық кешендерді орнатуды және оларды “Әлеуметтік әмиян” ақпараттық жүйесімен интеграциялауды қамтамасыз ету тапсырылды.
Жалпы, Денсаулық сақтау министрлігіне балаларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша мониторинг пен санитарлық-эпидемиологиялық бақылау шараларын күшейту, қажетті нормативтік түзетулер енгізу қажет деп түйіндеді үкімет басшысы.