Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Премьер-министр Олжас Бектенов қосымша құн салығын (ҚҚС) көтеру қажеттігін мәлімдеді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
– Негізгі салық жүктемесі еңбекақы қорының үлесіне түседі, бұл өнімнің өзіндік құнына әсер етеді. Кәсіпкерлер тауарды сөреге шығармай жатып-ақ, салықтардың басым бөлігін төлеуге мәжбүр. Үкімет еңбекақы қорына түсетін салықтық ауыртпалықты азайтып, оны сату процесіне ауыстыруды ұсынады. Ол үшін ҚҚС мөлшерлемесін арттырып, әлеуметтік салық пен жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы төлемдерін азайту қажет. Бұл кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттырады, – деді Бектенов үкіметтің кеңейтілген отырысында.
Дегенмен, бірнеше депутат ҚҚС мөлшерлемесін 20 пайызға дейін көтеруге қарсы шықты.
– Мен бұған қарсымын. Бұл тарифтердің қымбаттауына әкеледі, нәтижесінде қарапайым халық зардап шегеді. ҚҚС қазіргі 12 пайыз деңгейінде қалуы керек. 20 пайыздық мөлшерлеме тек кейбір банктер мен жоғары табысты салалар үшін тиімді болуы мүмкін. Ал барлық салаға ҚҚС-ті көтеру халықтың шығынын арттырады, – деді Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев.