Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстандық ММА шебері Бекзат Алмахан (12 жеңіс, 2 жеңіліс) UFC ұйымындағы екінші жекпе-жегін Канаданың Монреаль қаласында өткен UFC 315 турнирінде өткізді. Бұл бәсекеде ол алғашқы жеңісіне қол жеткізді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
27 жастағы спортшы алдын ала карта аясында 33 жастағы канадалық Брэд Катонамен (14 жеңіс, 5 жеңіліс) жекпе-жекке шықты. Жеңіл салмақтағы үш раундқа жоспарланған бұл кездесу небәрі 64 секундқа ғана созылды. Бекзат қарсыласын дәл соққымен нокдаунға түсіріп, шабуылын жалғастырғаннан кейін төреші жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр болды.
Бұл — Бекзаттың кәсіпқой мансабындағы 12-жеңісі. UFC-дегі рекорды қазір 1 жеңіс пен 1 жеңілістен тұрады. Бұған дейін, 2024 жылдың наурыз айында ол UFC-дегі дебютінде ресейлік Умар Нурмагомедовке төрешілердің бірауызды шешімімен жол берген болатын. Алайда сол кездесуде де ол бірінші раундта Умарды нокдаунға түсіріп, көрермен есінде қалған еді.
Ал Катона үшін бұл – ММА-дегі 19-шы жекпе-жегі және мансабындағы алғашқы техникалық нокаутпен жеңіліс.