| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстанның Конституциялық соты азаматтың өтініші бойынша Қылмыстық кодекстің 50-бабының бірінші бөлігін Конституцияға сәйкестігі тұрғысынан қарайды. Өтініште белгілі бір қызметпен айналысуға өмір бойына тыйым салудың қаншалықты әділ екені көтерілген, — деп хабарлайды Dauletten.kz.
Конституциялық сот азаматтың өтініші негізінде Қылмыстық кодекстің 50-бабының бірінші бөлігінің Ата заңға сәйкестігін тексеруге кірісті.
Өтініш иесі мемлекеттік қызметте жұмыс істемеген және сыбайлас жемқорлық қылмысына қатысты арнайы лауазымды тұлғалар санатына жатпайтын азаматтарға белгілі бір қызметпен айналысуға өмір бойына тыйым салу мәселесін көтерген.
Оның пікірінше, мұндай шектеу жаза мен жасалған құқық бұзушылықтың арақатынасына сәйкес келмеуі мүмкін. Сонымен қатар өмір бойғы тыйым адамның жеке жағдайын ескерместен, оның еңбек етуіне және мамандығын еркін таңдауына шектеу қоюы ықтимал.
Конституциялық сот өтінішті қарауға қабылдады. Енді сот қолданыстағы норманың Конституция талаптарына қаншалықты сәйкес келетінін анықтайды.
Қарау қорытындысы Конституциялық соттың ресми сайтында және Telegram-арнасында жарияланады.