Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Белгілі өзбекстандық экс-шенеунікке қастандық жасалды
Жаңалықтар

Белгілі өзбекстандық экс-шенеунікке қастандық жасалды

26.10.2024
1 мин
0
105
Сурет: kun.kz

Дереккөздің мәліметінше, 26 қазанға қараған түні Өзбекстан Президенті әкімшілігінің ақпараттық саясат департаментінің бұрынғы басшысы Комил Алламжоновқа қарулы шабуыл жасалған, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Шабуыл шамамен түнгі 1:30-да Комил Алламжоновтың Қыбрай ауданындағы үйінің жанында болған. Екі белгісіз адам оның отырған көлігіне бірнеше рет оқ атып, оқиға орнынан қашып кеткен. Алламжонов зардап шеккен жоқ.

Басылымның жазуынша, Комил Алламжонов 30 қыркүйекте Президент әкімшілігінің ақпараттық саясат департаменті басшылығынан босатылған. Кейін ол жеке секторда жұмысын жалғастыратынын мәлімдеді.

Комил Алламжонов 1984 жылы 18 қыркүйекте дүниеге келген. Өзбекстанның Өнер және мәдениет мемлекеттік институтының (2006) және Ташкент мемлекеттік экономикалық университетінің (2010) түлегі.

2020-2022 жылдары Ұлттық бұқаралық ақпарат құралдарын қолдау және дамыту қоғамдық қоры қамқоршылық кеңесінің төрағасы болған.

Бұған дейін, 2018 жылдың қараша айынан бастап Президент әкімшілігі жанындағы Ақпарат және бұқаралық коммуникациялар агенттігінің директоры болған. Оған дейін Өзбекстан Президентінің баспасөз хатшысы және бір уақытта Мемлекет басшысының әкімшілігі басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.

БАҚ оны Өзбекстан Президентінің қызы Саида Мирзиевамен жақын серіктесі деп атайды.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл