Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Берденовке жасалған қастандық: Шымкентте сот процесі басталды
Жаңалықтар

Берденовке жасалған қастандық: Шымкентте сот процесі басталды

28.07.2025
мин
0
272
Сурет: parlam.kz

Шымкент қаласының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қастандық жасау ісі бойынша алдын ала сот отырысы басталды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Бұған дейін хабарланғандай, сотқа ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабы 3-бөлігі және 99-бабы 1-бөлігі (Адам өлтіруге оқталу) бойынша азамат Ж.-ға қатысты қылмыстық іс түскен.

Аталған іс бойынша басты күдікті – Ернар Жиембай. Бұған дейін оның жұбайы – Луиза Алданова Instagram парақшасында мәлімдеме жасаған. Бірқатар БАҚ-тың жазуынша, Жиембай бұған дейін "Тұрғын үй Шымкент" ЖШС-нің директоры болған.

Еске сала кетейік, биылғы 21 сәуір күні кешке Шымкент қаласы әкімдігінің ғимараты маңында Руслан Берденовке оқ атылған болатын. Ол жараланып, ауруханаға жеткізілді. Күдікті сол жерде ұсталған.

Апаттан кейін әлеуметтік желіде қылмыстың себептері туралы түрлі нұсқалар тарап, оқиғаның тұрмыстық сипатта екені, тіпті қызғанышпен байланысты болуы мүмкін деген хабарламалар жарияланған.

Алайда Шымкент әкімдігі бұл ақпаратты жоққа шығарды. Ресми мәліметке сәйкес, қастандықтың күдіктінің әйелімен болған қандай да бір қатынасқа байланысты жасалғаны – шындыққа жанаспайды.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл