Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Шымкентте қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке жасалған қастандық туралы іс бойынша сот отырысы өтіп жатыр, - деп хабарлайды Dauletten.kz
Cот отырысында прокурор Бауыржан Қараманов Ернар Жиембайды 11 жыл 3 айға бас бостандығынан айыруды сұрады.
Прокурор істе жазаны жеңілдететін де, ауырлататын да жағдайлар бар екенін мәлімдеді. Жеңілдететін фактор ретінде ол айыпталушының кәмелетке толмаған балалары бар екенін және ауырлататын жағдай ретінде қылмыстың мас күйде жасалғанын айтты.
Еске салайық, 21 сәуірде Шымкент қаласы әкімдігі ғимараты маңында атыс болды. Салдарынан Руслан Берденов жарақат алды. Кейінірек күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Мамырда Шымкент әкімінің орынбасары Руслан Берденов шабуылдан кейін алғаш рет мәлімдеме жасады.