Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстанда ауруханалар мен адамдар көп жиналатын орындарда бетперде кию режимі қайта оралуда, деп хабарлайды Dauletten.kz.
«Облыстардың, Алматы, Астана, Шымкент қалаларының денсаулық сақтау басқармаларының, Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық департаменттерінің басшылары медициналық ұйымдарда қызметкерлер мен келушілердің медициналық бетперде киюін, антисептиктердің болуын қамтамасыз етсін», - делінген Денсаулық сақтау министрінің қаулысында.
Денсаулық сақтау министрлігі бетперде кию қызылша, коронавирустық инфекция, COVID-19, тұмау және басқа да жіті респираторлық вирустық инфекциялардың таралуын болдырмау үшін қажет екенін атап өтті.
Әуежайлар, вокзалдар, автовокзалдар, базарлар, сауда ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, театрлар, кинотеатрлар, халыққа қызмет көрсету орталықтары, банктер және басқалар, көліктің барлық түрлерінде – қоғамдық көлікте, әуеде, теміржолда бетперде кию міндет.