Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Алматы қаласында бетперде тақпаған тұрғындарға қазан айының 8-нен бастап 4,8 млн теңге айыппұл салынған. Бұл туралы қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин айтты.
«Арнайы бақылау тобы қала бойынша 1860 мекемеге тексеріс жүргізді. Оның ішінде 439 нысан карантин талаптарын сақтамай, қызметкерлер медициналық маска тақпаған. Маска режимін бұзған жеке тұлғаларға 113 хаттама толтырылып, жиыны 4,8 млн теңге көлемінде айыппұл салынды», - деді Бекшин.