Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Саясаттанушы Досым Сәтпаев Талғардағы трагедияға қатысты өз ойын айтты. Оның сөзінше, бұл оқиғаның кеңінен талқылануы билік өкілдерін алаңдатып отыр, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Сәтпаевтың пікірінше, Талғардағы жағдай – бүкіл Қазақстанға тән мәселенің көрінісі. Ол бұл оқиға “құқығы бардың емес, құқығы көптің дегені болады” дегенді дәлелдейтінін атап өтті.
– Бұл оқиға адамдардың билік тарапынан әділетсіздікке ұшырайтынын, сыбайлас жемқорлықтың мемлекеттік басқару жүйесіне терең сіңіп кеткенін және сананың криминализациялануының шенеунікті паханға, ал паханды шенеуніктердің досына айналдыратынын көрсетеді, – деп жазады саясаттанушы.