Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Жаңалықтар

"Білім алуға ешқашан кеш емес": 85 жастағы қария ҰБТ тапсыруға барды

14.08.2025
1 мин
0
212

Алматы қаласында өткен тамыз айындағы ҰБТ-да ерекше қатысушы – 85 жастағы Нұрихан апа келіп, көптен бергі арманын орындауға қадам жасады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Бүкіл өмірін бала тәрбиесіне арнаған ол, жастық шағында жүзеге аспаған арманын енді орындамақ болған.

Нұрихан апа университетке түсу мақсатында ҰБТ тапсырып көруді ұйғарған. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығы хабарлады.

Тестілеу күні әжейге балалары қолдау көрсетіп, бірге келген. Емтихан басталар алдында Нұрихан апа талапкерлерге ақ батасын беріп, білімге ұмтылу ешқашан кеш емес екенін жүрекжарды сөздерімен жеткізді.

Алайда бұл жолы тестілеуді сәтті тапсыра алмады. Оған компьютермен жұмыс жасау дағдысының болмауы кедергі келтірген.

- Бұл жолы компьютерлік дағдылардың болмауы сынақты тапсыруға мүмкіндік бермеді. Дегенмен, Нұрихан апа компьютерді меңгеріп, келесі жылы қайта қатысуға ниетті екенін айтты. Біз Нұрихан апаға мықты денсаулық, сәттілік және табандылық тілейміз, – делінген Ұлттық тестілеу орталығының хабарламасында.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл