Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
31 мамыр – қуғын-сүргін мен ашаршылық құрбандарын еске алу күні.
Қазақстанда бұл күн 1997 жылдан бері аталып келеді. Айтулы датада «Dauletten» қайырымдылық қоры «Білімнің жұлдызы» I Республикалық студенттер форумының жеңімпаздарын Алжир мемориалды-мұражай кешеніне апарды. Лагерь Астанадан 30 шақырым жердегі Ақмол ауылында орналасқан.
Биыл еске алу күніне жиналғандардың қарасы қалың. Онда жастар лагерь тарихы, қазақ халқының өміріндегі қиын кезеңді бейнелейтін картиналар және мемориалдармен танысты.
Қазақстанның әр өңірінен жиналған студенттер Ақмола облысындағы АЛЖИР лагерінің мұражай-мемориалды кешенінде гүл шоғын қою рәсіміне қатысты.
Саяси қуғын-сүргін 1928 жылдың ортасында Алаш қозғалысына қатысқан қайраткерлерді тұтқындаудан басталды. Оларға «буржуазияшыл-ұлтшыл» деген айып тағылды. Айыпталушылардың бірі ұзақ мерзімге түрмеге қамалса, енді бірі ату жазасына кесілді, ал кейбіреулері еріксіз жер аударылды. Қазақ зиялыларының әйелдері де бұл жазадан тыс қалмады. Күйеуінен бас тартпаған олар да қамауға алынды. Бұл «Алжир» лагері деген атпен тарих беттерінде қалды.
Осы Сталиндік саясаттың құрбаны болған ұлт зиялылары – Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Жүсіпбек Аймауытұлы, Мағжан Жұмабаев, Халел Досмұханмедов, Жаһанша Досмұханмедов, Тұрар Рысқұлов, Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлиндер.