Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
2023 жылдың алғашқы айында Қазақстанда жаңа баспаналар 0,7 пайызға қымбаттаған. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, қаңтарда 11 аймақта баспана қымбаттаған, 10 аймақтағы баға былтыр желтоқсандағы деңгей бойынша қалған, деп хабарлайды Dauletten.kz.kz тілшісі Krisha.kz сайтына сілтеме жасап.
Петропавлда бір айда жаңа пәтерлер 10,6 пайызға қымбаттап кеткен.
Сондай-ақ:
- Павлодарда (+7.8 пайыз);
- Түркістанда (+4 пайыз);
- Қостанайда (+1.9 пайыз);
- Ақтауда (+1.8 пайыз);
- Орал мен Өскеменде (+1.6 пайыз) жаңа үйлер қымбаттаған.
Ал Астанада бір айда жаңа үйлер 0,7 пайызға қымбаттаса, Шымкентте - 0,4 пайызға қымбаттаған. Алматыда баға өзгеріссіз.
Биыл қаңтарда жаңа үйлердің шаршы метрі орта есеппен 481 891 теңге болған. Бұл желтоқсанмен салыстырғанда 44 432 теңгеге немесе 0,4 пайызға қымбат.
Ең қымбат пәтерлер:
- Астанада - 579 161 теңге;
- Алматыда - 547 794 теңге;
- Шымкентте - 441 947 теңге.
Арзанырақ үйлер:
Жезқазғанда - шаршы метрі 160 мың теңгеден;
Ақтөбеде 262 мың теңгеден;
Оралда 270,6 мың теңгеден.
Фото: Aikyn.kz