Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
«Бірыңғай терезе» қағидаты бойынша 2 мыңға жуық адам «қандас» мәртебесін алды
Жаңалықтар

«Бірыңғай терезе» қағидаты бойынша 2 мыңға жуық адам «қандас» мәртебесін алды

31.07.2023
1 мин
0
274
Фото: egemen.kz

ҚР СІМ шет елдердегі мекемелері арқылы «қандас» мәртебесін алудың жаңа тетігін іске асыру жөніндегі пилоттық жоба шеңберінде «бірыңғай терезе» қағидаты бойынша 656 отбасындағы 1997 этникалық қазақтан өтініштер қабылданды, деп хабарлайды Dauletten.kz ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.
«Этникалық қазақтардың бұл өтініштері Қазақстанның солтүстік өңірлеріне жолданды. Өтінішдерді қабылдап алған жергілікті атқарушы органдар оларды қарастыруы және тұрақты қоныстану орны, жұмысқа орналасу және өңірлік квотаға енгізу бойынша ұсыныстарын беруі тиіс. Этникалық қазақтарды қабылдау тетігін қайта қарау ҚР 2023-2027 жылдарға арналған көші-қон саясаты тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде жүргізілді»,- делінген ведомства жариялаған ақпаратта.

Өзгерістердің Қазақстан елшіліктері арқылы құжаттарды қабылдаудың жаңа форматына ғана емес, қандастарды қоныстандырудың мына механизмдеріне де қатысы бар, атап айтқанда:

- ҚР Үкіметі айқындаған өңірлерге қоныстандыру;

- демографиялық дамуға қажеттілігі бар даму әлеуеті бар агломерациялар мен ауылдық елді мекендердің, шағын және моноқалалардың, аудандық және облыстық маңызы бар қалалардың аумақтарында қоныстандыру;

- Қазақстан аумағында және ҚР азаматтары болып табылатын отбасы мүшелері немесе жақын туыстары тұрақты тұрған жағдайда (тұрғын үй мәселелерін өз бетінше шешу мүмкіндігімен) отбасымен қауышу;

- бос жұмыс орнына орналасу мақсатында (тұрғын үй мәселелерін өз бетінше шешу мүмкіндігімен) жұмыс берушілердің шақыруы.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл