Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстанда бірыңғай уақыт белдеуіне көшу мәселесінің маңызды құрамдас бөлігі - ұлт денсаулығы. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңындағы дөңгелек үстелге қатысушылар айтты.
Сарапшылардың айтуынша физиология – бұл жалпы тірі ағзаның және оның құрамдас бөліктерінің жұмысы мен қоршаған ортамен өзара әрекеттесу, онтогенез процесінде және сыртқы факторлардың әсерінен ағзаның жұмысындағы өзгерістер туралы ғылым екенін мәлім етті.
Бұл – тығыз байланысты ғылыми пәндер кешені. Ұсынылған шешім және уақыт белдеулерінің азаматтардың физиологиясы мен денсаулығына әсері туралы "Астана" медицина университетінің қалыпты физиология кафедрасының меңгерушісі Курейш Хамчиев айтып берді.
Арнайы жұмыс тобының мүшесі кез-келген өзгерісті организм стресс ретінде қарастыратынын түсіндірді. Спикер стрестің тек теріс әсері ғана емес, оң тұстары да бар екенін жеткізді.
«Мен медицина қызметкерлерінің басым бөлігінің және біздің Денсаулық сақтау министрлігінің көзқарасын білдіремін. Бірыңғай уақыт белдеуіне көшу - оң шешім. Бұл адамдардың денсаулығына елеулі әсер етпейтін, бірақ мемлекет пен халыққа көптеген экономикалық пайда әкелетін өзгеріс», – деп түйіндеді сарапшы.