Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
2025 жылдың қаңтар-тамыз айларында 9 586 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін иеленді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
1991 жылдан бері республикаға 1 млн 157,6 мыңнан астам этникалық қазақ оралған.
Биыл келген қандастардың 45,7%-ы – Өзбекстаннан, 41,8%-ы – Қытайдан, 4,6%-ы – Түрікменстаннан, 2,7%-ы – Моңғолиядан, 2,6%-ы – Ресейден, қалған бөлігі басқа елдерден көшіп келген.
Олардың 58,7%-ы еңбекке қабілетті жаста. Ал 32,3%-ы – еңбек жасына дейінгі азаматтар, 9%-ы – зейнеткерлер. Еңбекке қабілеттілердің ішінде 15,4%-ының жоғары, 29,7%-ының орта кәсіби, 52,3%-ының жалпы орта білімі бар, ал 2,6%-ының білімі жоқ.
Қоныс аударушылар еліміздің әр өңіріне орналасты. Мемлекет еңбек күші тапшы өңірлерге – Ақмола, Абай, Қостанай, Павлодар, Атырау, Батыс, Шығыс және Солтүстік Қазақстан облыстарына басымдық беріп отыр.
2025 жылға арналған қандастарды қабылдау квотасы 2 309 адамды құрайды. 1 қыркүйектегі жағдай бойынша қоныстандыру өңірлеріне 1 467 қандас көшіп барған. Олар көшуге берілетін субсидиямен және тұрғын үй жалдауға бөлінетін бір жылдық төлемақымен қамтылып отыр.
Жыл басынан бері 594 қандасқа мемлекеттік қолдау көрсетілді. Оның ішінде 237 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды. Сонымен қатар солтүстік өңірлерге ерікті қоныс аударуды ынталандыру үшін жұмыс берушілерге де қолдау шаралары енгізілді.
Экономикалық ұтқырлық сертификаты аясында тұрғын үй сатып алу немесе ипотекалық қарыздың бастапқы жарнасын жабу үшін бір отбасына 4,56 млн теңгеге дейінгі қайтарымсыз көмек ұсынылады.